Бірлестіктің мәртебесі
Бірлестік Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы шегінде әрекет етеді және жергілікті болып табылады.

Бірлестіктегі мүшелік
58 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматтары және заңды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, саяси партияларды қоспағанда, Бірлестік мүшелері бола алады, олар Бірлестіктің қағидалары мен мақсаттарын бөліседі және оның Жарғысын мойындайды .

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар Бірлестікке мүше бола алады.
Бірлестік мәртебесі және оған мүшелік
Мақсаттары
Зейнеткерлік жастағы азаматтар, спорт ардагерлері арасында салауатты өмір салтының құндылықтарын көпшілікке тарату;

Спорт және дене шынықтыру саласындағы Бірлестік мүшелерінің кәсіби және әуесқойлық мүдделерін қанағаттандыру;

Мәдени-ағарту, спорттық-сауықтыру жұмыстарын спорт ардагерлері мен қатардағы зейнеткерлер арасында жүргізу.
Міндеттер
Зейнеткерлік жасындағы адамдар мен спорт ардагерлерін қызығушылықтары бойынша біріктіру, шығармашылық және физикалық әлеуетін ашу ниетінде ұйымдастырушылық және басқа да көмек көрсету;

Зейнеткерлер мен спорт ардагерлерін белсенді, қызықты өмір салтына тарту;

Зейнеткерлер мен спорт ардагерлерінің бос уақыттарын белсенді ұйымдастыру, өмір сүру сапасын арттыру, олардың денсаулығын нығайту;

Спорттық іс-шаралар, спорттық көрмелер және байқаулар, конференциялар, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру, денсаулықты жақсарту және ұзақ өмір сүру мақсатында дене шынықтыру мен спортты дамытуға және насихаттауға жәрдемдесу.

«Спорттық ұзақ ғұмыр» қоғамдық бірлестігі

Made on
Tilda